oC


📌 Ішкі тәртіп ережелері орындалуда
 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы №227 бұйрығына сәйкес колледжімізде «Ішкі тәртіп ережелері» бекітіліп, жүзеге асырылуда.
 
🔹 Колледж жұмысының тәртібі:
 
Жұмыс уақыты таңғы 07:30-дан басталады;
 
Студенттер ғимаратқа студенттік билетпен 07:45-тен кіргізіледі;
 
Бірінші сабақтың басталуы – 08:00;
 
Түскі үзіліс уақыты – 13:00–14:00;
 
Алдын-ала қоңыраудан соң студенттер мен оқытушылар кабинеттерге кіріп, сабаққа дайындалады.
 
🔹 Ұйымдастыру шаралары:
 
Әр дүйсенбі күні үшінші қоңырауда жалпы колледжішілік саптық жиын (линейка) өткізіледі;
 
Әр аптаның бірінші күні – ҚР Әнұраны орындалады;
 
Әр аптаның үшінші күні қызметкерлер ұлттық киім үлгісін сақтайды;
 
Бірінші қоңыраудан кейін «Сергіту жаттығулары» жасалады;
 
Үзілістерде «Ұлттық ойындар – ұлт қазынасы» айдары ұйымдастырылады;
 
«Өнегелі 15 минут» айдары бойынша кураторлар адамгершілікке тәрбиелеу бағытында әңгіме жүргізеді;
 
Қоңырау орнына «Күй күмбірі» ойнайды.
 
🔹 Кезекшілік пен қауіпсіздік:
 
Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері күнделікті 07:45–14:15 аралығында кезекшілік атқарады;
 
Кезекшілер тәртіпті, студенттердің сабаққа қатысуын, колледж мүлкінің сақталуын қадағалайды;
 
Бөгде адамдар директордың рұқсатынсыз колледж ғимаратына кіргізілмейді;
 
Студенттердің қауіпсіздігі – әкімшілік пен оқытушылардың басты жауапкершілігінде.
 
🔹 Тазалық пен тәртіп:
 
Әр топ өз кабинеттерінің тазалығына жауапты, күнделікті ылғалды тазалау жүргізеді;
 
Өндірістік сабақтардан соң әр білім алушы өз жұмыс орнын тазалайды;
 
Жалпы тазалау – әр айдың соңғы бейсенбісінде өткізіледі;
 
Сабаққа, спорт залына, асханаға сырт киіммен кіруге тыйым салынады.
 
🔹 Білім беру процесі:
 
Барлық студенттер екі семестр бойы аралық және қорытынды аттестациядан өтеді;
 
Жылына екі рет кезеңдік аттестация жүргізіледі (бітірушілерден басқа);
 
Қосымша сабақтар, үйірмелер, спорттық секциялар арнайы кесте бойынша өткізіледі;
 
Әкімшіліктің рұқсатынсыз оқытушылардың өзара сабақ ауыстыруына және студентті сабақтан шығаруға қатаң тыйым салынады.
 
🔹 Киім үлгісі мен мәдениет:
 
Студенттер үшін бірыңғай киім формасы, ал спорт сабақтарында – спорттық форма міндетті;
 
Ер балалардың қысқа балақты шалбар, сақал-мұрт қоюына және жат діни ағымдарды насихаттауға қатаң тыйым салынады;
 
«Мұғалім мәртебесіне» құрметпен қарап, оқытушылардың классикалық киім үлгісін ұстануы, сөйлеу мәдениетін сақтауы талап етіледі.
 
🔹 Тыйым салынған әрекеттер:
 
Колледж аумағында темекі шегу, насыбай ату, өткір заттар әкелу, смартфонды сабақ кезінде пайдалану;
 
Ұялы телефон тек үзілісте қолданылуы тиіс.
 
🎯 Бұл ережелердің басты мақсаты – тәртіп пен жауапкершілікті күшейту, студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім мен тәрбиені қатар дамыту.
 
#ХГТВК #тәртіпережесі #колледжөмірі #тәрбиежұмысы #білім