Хромтау Жоғары колледжінде 25 сәуір күні Алғашқы әскери дайындық пәні оқытушысы Ж.М.Базарбааев «Оқу дала жиынының апталығының алғашқы күнін ашылу салтанатымен бастау алды. Бір апталық оқу-дала жиынына келген студенттер «Жас сарбаз» атанып, өздерінің алғашқы әскери дайындық пәнінен алған білімдерін одан әрі іс-тәжірибе жүйеде жетілдіре түсіп, Әскери форманы сақтап, спорттық нормативтер мен тәңертенгілік дене жаттығу жұмыстары жүргізілуде. Оқу-дала жиынында арнайы тағайындалған медбикелер студенттердің денсаулықтарын қадағаласа, асхана сапалы тамақпен қамтамасыз етеді. Мақсаты: студенттердің АӘД пәнінен алған теориялық білімдерін іс-тәжірибе негізінде жетілдіру. Болашақ жас сарбаздарды әскер қатарына дайындау, патриоттық сезімдерін ояту, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Жас сарбаздардың өз іс-әрекетінің дұрыс орындалуын қадағалау, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, жанындағы адамдарға көмек беруге, елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа, қиыншылыққа төтеп беруге тәрбиелеу.
Құрметті қонақтар! Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде.
Уважаемые посетители! На сайте ведутся технические работы.
Уважаемые посетители! На сайте ведутся технические работы.

