oC
Құрметті қонақтар! Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде.
Уважаемые посетители! На сайте ведутся технические работы.

8.02 – 22.02 аралығында Хромтау тау-кен техникалық колледжінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Жылы жүрек – жомарт қол» акциясы өтті.


Аталмыш шара барысында колледждің 1 қабатында арнайы азық-түлікке арналған шкаф орнатылды. Апта бойы студенттер мен оқытушылар қайырымды іске белсенді араласып, ең қажетті деген тағам түрлерін, тәттілер, шекер, макарон өнімдерін, тіпті компот пен жемістер де әкеліп тапсырды. Жиналған азық-түлікті студенттерден құралған арнайы Еріктілер тобы қаладағы көп балалы 10 отбасына арнап азық-түлік пакеттерін дайындады.